2022 жылдың 3 қазанында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің Рудный қ. филиалы мейірімділік онкүндігіне арналған «Ізгілік пен ақкөңіл адамдар әлемі» атты мерекелік бағдарлама өткізді. Бұл іс-шара тағдырдың жазуымен денсаулығы төмен, ерекше көмек пен қолдауды қажет ететін адамдардың мәселелеріне назар аударудың тағы бір мүмкіндігі болды.
Қатысушыларды көру қабілеті төмен мүгедектер: Нұрғалиев Сембай, Байболова Айсұлу, Ыдырысова Балдырған, Мухарова Нейла өз өнерлерімен қуантты. Шарадан қайтқан әр қатысушы өзімен бірге жанашыр жанның жүрек жылуын және көтеріңкі көңіл күйді алып бара жатты.