3 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай облысы
Әділет департаментінің қызметкерлері үшін ұлы ағартушы және қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы
тұлға» атты безендірілмелі кітап көрмесіне шолу жасады.
Қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен
шығармашылығы туралы қысқаша әңгіме, көрмеге шолу, Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК
біздің көрнекті жерлесіміздің мерейтойына арналған және өткізілген іс-шаралар
туралы ақпарат ұсынылды. Кітапхана қорына жақында авторлардың сыйы ретінде
түскен басылымдар: Серікбай Оспановтың екі кітабы – «Ахмет ата» (балаларға
арналған шығармалар) және «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» (Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі мен қызметінің түрлі кезеңдері туралы мақалалар), Д. Лёгкий, Е. Ибраев және А. Табулденовтың
ұжымдық монографиясы – «Дальнейшее наблюдение за ним установлено:
Ахмет Байтурсынов под надзором царской охранки (1905–1917 годы)» ерекше
қызығушылық тудырды.
Әділет департаментінің қызметкерлері шолу барысында
естіген ақпаратқа қызығушылық танытып, өздерінің сұрақтарын қойды,
ұйымдастырушыларға Ахмет Байтұрсынұлының жеке басы мен шығармашылық мұрасын
тереңірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. |