Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Оралды жазған жазушы»
03.10.2022

Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар қоры жазушы, драматург Дмитрий Наркисович Мамин-Сибиряктың туғанына 170 жыл толуына арналған «Оралды жазған жазушы» атты кітап көрмесін дайындады.

Дмитрий Наркисович халық аңыздары мен ертегілерін кеңінен қолданды, оның шығармалары жеңіл және ризашылықпен оқылады, өйткені олар әсерлігімен және шыншылдығымен ерекшеленеді. Жазушы жақын таныс болған Антон Павлович Чехов әріптесі туралы: «Маминның барлық сөздері шынайы, себебі ол ешқашан өтірік айтқан емес»,- деген болатын. Өзінің романдары мен әңгімелерінде жазушы Орал мен Сібірдің өмірін суреттеді.

Көрмеде Дмитрий Наркисович Мамин-Сибиряктің сирек кездесетін басылымдары: 1915 жылы шыққан, балаларға арналған әйгілі әңгімелері, очерктері, аңыздары, ертегілері енген толық шығармалар жинағының жеке томдары ұсынылған. Сонымен қатар Мамин-Сибиряктің қазақ тіліне аударылған шығармалары қойылған.

Классикалық әдебиеттің әуесқойлары мен бағалаушыларын кітапхананың екінші қабатының фойесінде орналасқан көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus