1 қазанда атап өтілетін Қарттар күні қарсаңында Медиасауаттылық үйі Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК-мен бірлесіп өз зейнеткерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға келген қонақтарға көп жылғы адал еңбегі, мейірімділігі мен келелі кеңестері үшін алғыс сөздер айтылды. Қонақтар мерекелік концерттік бағдарламаға қатысты. Сондай-ақ Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының қызметкері Гүлнар Қараманқызы Құсаева қаржылық сауаттылық, жеке деректерді қорғау тәсілдері туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Кездесу жанға жайлы ахуалда өтті.
Медиасауаттылық үйінің жобасы USAID қаржыландыратын MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Internews Kazakhstan қолдауымен іске асырылады.
#MDLHouse#USAID#InternewKazakhstan#MediaCAMP