Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапханалардың үздік жазғы тәжірибелері»
29.09.2022

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Кітапханалардың үздік жазғы тәжірибелері» семинары өтті.

Кітапханашылар үшін жаз – бұл демалыстар, жаңа тәжірибелер, сапарлар, кездесулер уақыты ғана емес, сонымен қатар оқырмандарды кітапханаға тартудың жаңа түрлерін іздейтін уақыт. Сондықтан семинарда әріптестер оқырмандардың жаз мезгіліндегі бос уақытын қызықты, тартымды және пайдалы өткізуге арналған  жазғы тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға облыстың ОКЖ әдіскерлері мен орталық кітапханалардың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері қатысты.

Қамысты, Қарасу, Федоров, Алтынсарин және Лисаков қалалық ОКЖ кітапханашылары әріптестеріне осы жазда өз жұмыстарында «оқырмандарын қызықтыру үшін қандай кітаптарды» пайдаланғанын, «жазғы кітаптарға саяхатты» қалай өткізгенін, кітапханаларда қандай жаңа жұмыс түрлері игерілгенін айтып берді. 

Алтынсарин ОКЖ Краснокордон ауылдық кітапханасының қызметінде оқырмандарға экологиялық тәрбие беру басымдық берілген бағыт болып табылады. Бұл жұмыстың ауылдық филиалда қалай жүргізіліп жатқаны туралы кітапханашы Татьяна Александровна Жиляева айтып берді.

Биыл Ресей мемлекеттік кітапханасы Ресей серіктестігімен бірлесіп «Жаңа ұрпақ» бағдарламасы аясында «Достастық кітапханаларының білім беру ынтымақтастығы – 2022» халықаралық екі кезеңдік жобасын жүзеге асырды. Жобаның бірінші кезеңі 18 сәуірден 4 мамырға дейін қашықтан өтті. Сырттай оқу кезеңін аяқтағаннан кейін Ресей мен ТМД елдерінен жиналған 25-35 жас аралығындағы жас кітапханашылар 15-20 мамыр аралығында Нижний Новгород пен Мәскеуде күндізгі оқу бөлімінде оқуын жалғастырды. Бұл Ресейдің кітапхана саласындағы ағымдағы жылы атқарылған ірі оқиға болды. Іс-шараға Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің кітапханашысы Анастасия Владимировна Степанова қатысты. Ол семинарға қатысушылармен Мәскеу және Нижний Новгород кітапханаларынан, сондай-ақ жалпы іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар бір-біріне шығармашылық шабыт, жаңа әдістер мен тың идеялар тілесті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus