Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның киелі жерлері»
29.09.2022

Әмбебап оқу залында Қазақстанның қасиетті саналатын орындарына арналған «Қазақстанның киелі жерлері» көрме-қарауы жұмысын жалғастыруда.

Көрмеге ғибадат орындары болып табылатын тарихи тұлғалармен, діни және табыну ғимараттарымен байланысты тарихи нысандар, табиғи мұра ескерткіштері, киелі орындар туралы кітаптар мен мерзімді баспасөзде жарық көрген жарияланымдар қойылған.

Анвар Мамраимовтың «Ұлы жібек жолындағы киелі жерлер» Жаркент кітабының арқасында Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, – сияқты көне қалаларға саяхат жасауға болады. Оқырмандар ежелгі археология және мәдениет ескерткіштері сақтап келе жатқан көне тарихпен танысып, түрлі құпияларды біле алады.

Жартасқа салынған суреттер бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие. Жартастағы суреттердің көрнекті ескерткіштерінің бірі Таңбалы археологиялық ландшафтындағы петроглифтер кешені болып табылады. Тарихшы және археолог Борис Анатольевич Железняковтың жарыққа шығарған «Танбалы: памятник наскального искусства, окрестности, природа, заповедник-музей» фотоальбомы көпшілік оқырман үшін, туристер мен табиғат пен тарихтың қайталанбас нысандарын бағалаушылар үшін қызықты болмақ.

Кітап көрмесі жыл соңына дейін жұмыс істейді және жаңа әдебиеттермен толықтырылады. Тілек білдірушілерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus