28 қыркүйек күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Ивановна Шалуновамен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара «ЗЕРЕК колледжі» жеке мекемесінде өтті.
Студенттерге қаланың ең танымал суретшілерінің және атақты қолданбалы өнер шеберлерінің бірі С. И. Шалуновамен жүзбе-жүз кездесуге және өздерінің сауалдарын қоюға мүмкіндік туды. Студенттерге кітапхана қабырғасында өткізілген іс-шаралар кезінде биылғы жылы жасалған жұмыстар көрсетілді. Әсіресе киізбен жұмыс істеу бойынша өткізілген шеберлік сыныбы ерекше қызығушылық тудырды.