Құрметті оқырмандар, Өлкетану әдебиеттері бөлімінде жазушы, ақын, көсемсөзші, қазақтың алғашқы журналисі Мұхамеджан Сералиннің туғанына 150 жыл толуына арналған «Баспасөздің көшін алға бастаған» атты кітап көрмесі безендірілді.
Мұхамеджан Сералин сондай-ақ қазіргі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің негізін қалаушылардың бірі, Қостанайдың «Ауыл» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің бірінші редакторы. Ол баспасөз арқылы өз халқына риясыз қызмет етті. Оның «Айқап» журналы өз дәуірінің аздаған зиялыларын қазақ тілінде ойлауға және өз ойларын жазбаша түрде қазақ тілінде баяндауға үйретті.
Кітап көрмесінде ақынның «Топжарған» атты шығармалар жинағы, сондай-ақ М. Сералиннің қызметі мен шығармашылығы туралы баспасөзде жарияланған мақалалар мен зерттеулер ұсынылған.