Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Менің отбасым – менің өмірім»
09.09.2022

9 қыркүйекте Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы Отбасы күнін мерекелеу аясында Қостанай облыстық драма театрының актері Татьяна Захарченкомен кездесу ұйымдастырды. Қонақ өзінің отбасы мен отбасылық кітапханасы туралы, кітап оқуды кім және қашан үйреткені туралы, сүйікті шығармалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Татьянаның Иосиф Бродский мен Андрей Вознесенскийдің өлеңдерін, сондай-ақ Куприннің «Гранатовый браслет» шығармасынан үзінді оқуы жиналғандар үшін ерекше тарту болды. Іс-шараның қатысушылары болған студенттер мен оқушылар қонаққа түрлі сұрақтар қойып, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер жайындағы әңгімеге араласты. Кездесу жанға жайлы достық ахуалда өтті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ