Құрметті оқырмандар! 2022 жылғы 1 қыркүйекте «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбымен мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы жарияланды. Онда құрылымдық экономикалық өзгерістерге және саяси жаңғыртуды жалғастыруға баса назар аударылатыны ерекше атап өтілді. Абонементтер бөлімі 1-ші қабаттың фойесінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жаңартылған көрме-ақпарат безендірді. Көрмеде осы құжаттың негізгі бастамалары бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар ұсынылған.