Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасылық істер»
07.09.2022

Отбасы – әрқайсымыздың өміріміздегі ең маңызды нәрсе. Дәстүр бойынша қыркүйектің әр екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі. Абонементтер бөлімінде осы күнге арналған «Отбасылық істер» атты көрме-талқылау безендірілді.

Көрмеде ұсынылған кітаптар отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасаудың құпияларын ашады, оқырманды отбасылық салт-дәстүрлермен таныстырады. Көрмеде отбасылық қатынастар психологиясына арналған кітаптар: «Психология: Энциклопедиялық сөздік», П. Фесюковтың «Искусство быть родителями» кітабы және т.б. басылымдар қойылған.  Сондай-ақ Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Е. Әкімқұловтың «Немере», Г. Малоның «Без семьи», Л. Толстойдың «Детство» секілді көркем шығармаларымен танысуға болады. Барлық тілек білдірушілер отбасы мүшелерімен бірге оқу үшін қызықты және танымдық кітаптарды таңдай алады.

 Барлығыңызды 2022 ж. 06.09.–26.09. аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus