Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Конституция – бейбітшілік пен келісімнің кепілі»
23.08.2022

23 тамызда мемлекеттік мереке – Конституция күні қарсаңында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы ҚР ІІМ Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аппаратымен бірлесе отырып «Конституция – бейбітшілік пен келісімнің кепілі» ақпараттық сабағын өткізді.

1995 жылғы 30 тамыз республикамыздың жаңа тарихында маңызды оқиға – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының дүниеге келуімен есте қалды. ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғамның дамуына кепілдік береді, ел азаматтарына ертеңгі күнге деген сенім мен үміт ұялатады, өз Отанына деген отаншылдық сезімді тәрбиелейді, заңды сақтау және адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастырады.

Іс-шараға басқарма аппараты мен полиция батальонының жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында қатысушылардың назарына ҚР Конституциясының құрылу тарихы мен оның негізгі ережелері қамтылған бейнесюжеттер ұсынылды.

«Конституция – бейбітшілік пен келісімнің кепілі» кітап көрмесі қатысушылардың ақпараттық ой-өрісін кеңейтуге ықпал жасады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ