Л. Н. Толстой ат.ҚОӘҒКәмбебап оқу залы назарларыңызға Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – әр халықтың асыл қазынасы» атты кітап көрмесін
ұсынады.
Бүгінде қазақ жерінде 130 астам ұлт өкілдері өмір сүруде.
Кезінде қазақ ағартушысы, педагог Халел Досмұхамедұлы «Тіл – халықтың қазынасы, ұлттың жаны. Туған еліміздің ұлттық
тілін үйреніп, құрметтей отырып, біз басқа тілдерді және олардың мәдениетін
лайықты бағалай аламыз. Ал ұлттың болашағы ана тілінде» деген болатын.
Кітап көрмесіне Өмірзақ Айтпайұлының «Тілтерек», Үрила Кеңесбаеваның
«Ағылшын тілінің грамматикасы» атты кітаптары қойылған.
Қазақстан этностарының ұлттық тілдерін үйренгісі
келетіндер үшін көрмеде грамматикалық құралдар, тілашарлар, сөздіктер ұсынылған.
Көрмеге
қойылған кітаптардың ішінде келесі басылымдар назар аударуға тұрарлық және өте
танымал: Чой Ян Сун «Вводный курс корейского языка», Ломакович С. В.
«Самоучитель украинского языка», Красовитова Л. Д. «Русско-азербайджанский
разговорник».
Барлық ұсынылған кітаптар ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетін тәрбиелеуге, жалпы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыруға қызмет
етеді. |