Құрметті оқырмандар! Сирек кітаптар қоры әйгілі орыс жазушысы Алексей Константинович Толстойдың 205 жылдығына арналған «Жазды және ойлады Отан жайын» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеде Алексей Константинович Толстойдың сирек басылымдары: 1882 жылғы 4 томдық толық шығармалар жинағының 1 және 2 томы, 1907 жылғы 2 томдық толық шығармалар жинағының 1 томына кірген әйгілі поэмалары, повестері, драмалары, өлеңдері, дастандары, балладалары, астарлы әңгімелері мен аудармалары қойылды.
Орыс классикалық әдебиетінің барлық әуесқойлары мен бағалаушыларын кітапхананың екінші қабатының фойесінде орналасқан көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.