Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның киелі жерлері»
01.07.2022

Әмбебап оқу залында Қазақстанның қасиетті саналатын орындарына арналған «Қазақстанның киелі жерлері» көрме-қарауы жұмысын жалғастыруда.

Көрмеге тарихи тұлғалармен, табиғи мұра ескерткіштерімен, ғибадат орындары болып табылатын діни және табыну ғимараттарымен байланысты нысандар, киелі орындар туралы кітаптар мен мерзімді баспасөзде жарық көрген жарияланымдар қойылған.

Тараз өлкесінің киелі жерлерінің тарихына қызығатын оқырмандар үшін Зиба Құламанованың «Тастағы Тараз тарихы» атты кітап-альбомы ұсынылған.

Кітапта Қарахан, Айша бибі, Бабажы қатын кесенелері және басқа да көрнекті орындар туралы ақпарат бар.

Жаңартылған көрмеде Рысжан Ілиясовтың Ақтөбе облысының киелі жерлері мен тарихы туралы «Шежірелі Ақтөбе» атты кітап-альбомы ұсынылған.

 Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін және жаңа әдебиеттермен толықтырылатын болады. 

Студенттерді, оқытушыларды және барлық тұрғындарды кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз! 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus