Әйелдердің
құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту,
гендерлік теңдікке қол жеткізу Қазақстан
үшін басымдықтардың бірі болып қала
бермек. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан
гендерлік теңсіздікке қарсы іс-қимыл
саласында бірқатар шаралар қабылдады.
Құрметті
оқырмандар! Абонементтер бөлімі
назарларыңызға «Қазақстанның гендерлік
саясаты – жаңа бағыт» атты кітап көрмесін
ұсынады. Сіздерге бүкіл әлемде гендерлік
теңдіктің жаһандық жұмысын нығайтуды
жалғастыру туралы айтылатын әдебиеттер
қызықты болмақ.
«Прогресс
женщин мира 2008/2009: Кто несет ответственность
перед женщинами? Гендер и ответственность»
есебінде гендерлік теңдікті қамтамасыз
ету және әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту ұлттық үкіметтер
мен халықаралық ұйымдардың жауапкершілігін
күшейтуге тікелей байланысты екені
көрсетіледі.
И.
Г. Малкин-Пыхтың «Гендерная терапия»
анықтамалығы дәстүрлі гендерлік
таптаурынды жеңу үшін әйелдер мен
ерлерді мінез-құлық стратегиялары мен
тәжірибелеріне үйретуге арналған.
Қазақстан мен Қостанай облысының
дамуындағы маңызды кезеңдердің
хронологиясын «Ұлағат» альманахындағы
әйелдердің жеңіл деуге келмейтін
тағдырынан байқауға болады.
Баршаңызды
абонементтер бөлімінде 2022 ж. 01.07.–30.12.
аралығында жұмыс істейтін көрмеге
қатысуға шақырамыз. |