29 маусымда Л. Н. Толстой ат.
ҚОӘҒК қонақжайында «Книги – дар души»
атты кітап сыйлау акциясы өтті. Акция
аясында Қостанай облыстық мәслихаты
Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасына қазақ
және орыс тілдеріндегі 337
кітапты сыйға тартты.
Акция кітапханаға облыстық мәртебе
берілгеніне 85 жыл толуына орай
ұйымдастырылды.
Біздің
облыстағы кітап сыйлау дәстүрінің
тарихы тым тереңде жатыр. Бұл дәстүрді
атақты ағартушы Ыбырай Алтынсаринның
өзі бастап берген болатын, ол орыс-қазақ
училищелері жанынан өзі ашқан
кітапханаларға кітаптар сатып алып
отырған және басқаларды да осындай іске
үгіттеген. Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒБ қорын
құнды әдебиеттермен толықтыру туралы
шешім қабылдаған Ы.Алтынсаринның ісін
жалғастырушылар арасында облыстық
мәслихаттың қазіргі кездегі депутаттарының
да болғаны қуантады және бұл әдебиеттердің
өз оқырманын табатыны сөзсіз.
Кітап сыйлау акциясына
облыстық мәслихат хатшысы Ещанов
Сайлаубек Ерғазыұлы, мәслихат депутаттары,
Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК басшысы Дариха
Туребаевна Дюсибаева, облыстық
кітапхананың қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар мұндай іс-шаралардың
маңыздылығын атап өтіп, екі мекеменің
жемісті ынтымақтастығының жалғасатынына
сенім білдірді. |