28 маусымда кітапхана қызметкерлері «Интерньюс Қазақстан» қолдауымен USAID қаржыландыратын MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Медиасауаттылық үйі» жобасының киберқауіпсіздік бойынша өткізген тренингіне қатысты.
Павлодар облысынан келген ерікті, медиатренер Евгений Хабаров компьютерлерге, серверлерге, мобильді құрылғыларға, электрондық жүйелерге, желілер мен деректерге арналған киберқауіпсіздік, зиянкестер шабуылынан қорғанудың әдістері мен практикасы туралы өзінің бірегей білімдерімен бөлісті.