Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Брайльді білгім келеді» (Брайль бойынша оқу)
27.06.2022

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде кітап оқуды ілгерілету аясында Брайль бойынша оқуға үйрету жүргізіледі. Оқуға үйретуді кітапхана пайдаланушысы Өтеген Дүйсентайұлы Дәуітбаев жүргізеді.

Брайль қарпі – мәтінді сипап сезу арқылы оқу әдісі. Оны негізінен көру қабілеті нашар адамдар қолданады, алайда көре алатындар да Брайль бойынша оқи алады. Көретіндерге Брайль қарпі олардың отбасында соқыр немесе нашар көретін адамдар болған жағдайда қажет.

Брайль жүйесінің негізінде көрмейтіндерге өзгелермен қарым-қатынас жасауға, білім алуға және кітап оқуға көмектесетін бедерлі-нүктелі қаріп жатыр.

Барлық тілек білдірушілерді Брайль қарпімен оқуды үйренуге шақырамыз, тел. 50-30-75.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=dkJBMsCYgSk

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus