23 маусымда кітапхана қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру саласындағы біліктіліктерін арттыру бойынша өткізілген қалалық квестке қатысты. Қатысушылар өз білімдерін және өздерінің командада жұмыс істей білуін тексерді. Ойыншылардың пікірінше, квест ауқымды және қызықты болды және олар бұл жерде жеңістің емес, оған қатысудың маңызды екенін атап өтті.
Квестті «Sanaly urpaq–2050» ҚҚ және «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ ұйымдастырды. Кітапханаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.