2 маусым күні өлкетану әдебиеттері бөлімінде ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серікбай Оспанұлының балаларға арналған «Ахмет ата» кітабының тұсаукесер кеші өтті. Аталған іс-шараға Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, жергілікті ақын-жазушылар, студенттер, мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінің және № 27 мектептің оқушылары қатысты. Кеште оқушылар «Ахмет ата» кітабынан өлеңдер оқыса, әншілер – Жарқынбек Деріпсалдин мен Серікболсын Әбікен автордың сөзіне жазылған әндерді орындады.