Қазақстанда Балалар жылын өткізу аясында кітапхананың бірінші қабатының фойесінде қостанайлық танымал суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Вадим Вячеславович Быковтың арт-студиясының Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Буырқанған бояулар –11» атты балалар суреттері көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде түрлі техникада: майлы бояу, акварель, пастель, құрғақ қылшақпен орындалған 40-тан астам жұмыс ұсынылды. Көрмеге Вадим Вячеславовичтің өзінің де туындылары қойылды. Өз жұмыстарында жас суретшілер сүйікті үй жануарларын, мультфильм кейіпкерлерін, натюрморттарды, сондай-ақ ғарыш тақырыбын бейнеледі.
Іс-шара барысында балаларға «Liberi World» продюсерлік орталығы оқушыларының музыкалық және би нөмірлері ұсынылды.