Балалық шақ – бұл адамның дамуындағы маңызды кезең, өйткені дәл осы кезеңде
салауатты, жақсы және бақытты өмірдің негіздері қаланды. Алайда кейде біз
қатыгездіктің, әлімжеттіліктің және зорлық-зомбылықтың куәсі болып жатамыз.
Қазақстанда 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланды. «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны
шеңберінде Абонементтер бөлімінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты
көрме-қарау ұйымдастырылды, онда балалар еңбегін жою мәселелері бойынша
әдістемелік және нормативтік-құқықтық әдебиеттер қойылды.
Зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселелері жайындағы, бала құқықтарын
бұзғаны үшін жауапкершілік туралы заңдар, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың
не әкелетіні жайындағы әдебиеттер оқырмандардың назарын аударады. Оқырмандар «Правовой статус несовершеннолетних»,
«Права ребенка», «Конвенцией о правах ребенка», Законом РК «О правах ребенка в
Республике Казахстан» секілді нормативтік-құқықтық
актілер жинақтарымен және т. б. таныса алады. Көрмеде
сондай-ақ отбасылық қатынастар психологиясы бойынша Ф. Бизақовтың, Ш. Мамашбаевтың
«Отбасылық дағдарыс психологиясы», Х. Райнпрехттің «Воспитание без огорчений» кітаптары және т. б.
басылымдар қойылған. Оқырмандар отбасылық
құндылықтарды сипаттайтын және насихаттайтын көркем шығармалармен: А.
Кронинның «Замок Броуди», Г. Малоның
«Без семьи» кітаптарымен және басқа да көптеген басылымдармен таныса алады.
Көрме 2022 жылдың 1 маусымынан бастап жыл соңына дейін жұмыс істейді.
|