30 мамырда Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысы полиция департаментінің мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Бұл бұрынғы КСРО аумағындағы Ішкі істер министрлігінің көне мұражайларының бірі және Қазақстан Республикасындағы алғашқы мұражай. Мұражай қызметкері Т. М. Ділмұхаметов ел тарихындағы қайғылы жылдар туралы айтып беріп, мұражайда сақтаулы тұрған жәдігерлермен таныстырды.