2022 жылы корей халқының Қазақстанға күштеп жер аударылғанына 85 жыл толады.
Қазақстан жер аударылған мыңдаған кәрістердің шаңырағына айналды, ал көбі осы жерден екінші Отанын тапты.
Сол кезде «арнайы қоныс аударушылар» деп аталғандар алдын ала өлімге байланды, оларды тек соңғы нанымен және баспанасымен бөліскен жергілікті тұрғындардың жылуы мен жанашырлығы ғана құтқарып қалды.
Осы бір қайғылы күн қарсаңында Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың әмбебап оқу залы «Ұмытуға болмайтын қорқынышты кезең» атты ұсынымдық әдебиеттер тізімін дайындады.
Ұсынымдық әдебиеттер тізіміне облыстық кітапхана қорында бар кітаптар, кітапшалар, кітаптардан, журналдар мен газеттерден алынған мақалалар кіреді, тізімге 1995 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықтағы материалдар қамтылған.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
http://kstounb.kz/ru/pub/bib_iz