2022 жылғы 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан қаласында «Рухани қазына – 2022» байқауының қорытындысын шығарды. Қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана саласындағы 125 өтінімді, мәдени және ойын-сауық саласындағы 87 өтінімді, мұражай саласындағы 73 өтінімді қарады. Фестивальде облыс намысын Қостанай мәдениетінің өкілдері лайықты қорғады.
«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясында біздің басшымыз Дариға Төребайқызы Дүйсебаева жеңіске жетті.
Дариға Төребайқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз, бұл оның табандылығының, белсенді өмірлік ұстанымы мен еңбексүйгіштігінің айқын дәлелі болды. Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауды, биіктерге ұмтыла беруді, үнемі табыстарға жете беруді тілейміз!