13
мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімі
«Берега» әдеби-көркем журналының 25
жылдығына арналған «Плаванье длиною в
четверть века» атты әдеби кеш өткізді.
«Берега»
журналы – біздің облысымыздағы бірегей
басылым. Ол Қостанай жазушыларына өз
шығармаларын басып шығаруға, қазіргі
әдебиет туралы пікір алмасуға, аймақтың
да, елдің де мәдени өмірі туралы ақпарат
алуға мүмкіндік береді. Журналда
Солтүстік Қазақстанның жас және
қалыптасқан ақындары, жазушылары,
драматургтері, сыншылары мен публицистері
ғана жарияланып қана қоймай, «Литературный
ликбез» және «Классики-современники»
айдарымен әдеби оқу да жүргізіледі.
Басылымды
мерейтоймен құттықтауға қаламгерлер,
қаланың әдеби бірлестіктерінің мүшелері,
ЖОО мен ОАОО оқушылары, шығармашылық
зиялы қауым өкілдері келді.
Қатысушыларға
«Берега» журналының өзіндік «ауызша»
шығарылымы ұсынылды, онда оның авторлары
өз шығармаларын оқыды, сұхбат берді,
басылымның бұрынғы және қазіргі кездегі
жағдайы туралы айтып берді. Алдымен
жиналғандарға журналдың шығарушы
редакторы Александр Колесниковтың
бейнесәлемдемесі ұсынылды. Музыкалық
шашу ретінде Б.Ахмадулинаның өлеңіне
жазылған «63» шығармашылық ұжымының
тамаша әні шырқалды. Содан кейін сөз
көптеген жылдар бойы журналды шығаруға
қатысқан Евгений Демидовичке берілді.
«Интервью»
және «Соло»
айдарында жас автор Алексей Чайковский
сөз сөйледі. Әнші Наталья Закораның
орындауындағы «музыкалық
үзіліс» те ешкімді
бейжай қалдырмады. «Открытие
мира» айдары толығымен авторға – өз
уақытында «Береганы» шығару үшін көп
жұмыс істеген Анатолий Корниенкоға
берілді. Кеш Диляра Әбдіқалықованың
«Поэтический перекрёсток» айдарындағы
әнімен және Ангелина Ковалеваның
«Детские страницы» айдарына арналған
өлеңдерімен аяқталды.
Кеш
жанға жайлы, достық ахуалда өтті. |