12 мамыр күні өлкетану әдебиеттері бөлімінде подполковник, ҰҚК ардагері Ғалихан Нұржанұлы Мәулетовтің 85 жылдығына арналған «Шындықтың шырағын жаққан тұлға» атты кездесу кеші өтті. Аталған іс-шараға ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің сарбаздары, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қатысты. Кеш қонақтары – Ғалихан Нұржанұлы мен жары ҚР Білім беру саласының үздігі Бақытгүл Жақсылыққызы тағылымды әңгімелерімен бөлісті. Кездесу кешінде 6697 әскери бөлімінің аға маманы Эльвира Сапабекова патриоттық әнді нақышына келтіріп орындады. Қатысушылар әскери салаға еңбегі сіңген ардагерге түрлі сұрақтар қойып, кеш соңында естелік суретке түсті.