Тәуелсіздік пен бейбітшілік – мемлекеттің дамуы мен ілгері басуының кепілі. Әскер өмірдің осы екі маңызды факторының сақталуын қамтамасыз етеді.
Айтулы оқиға – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы аясында Абонементтер бөлімі құрылыс колледжінің оқушылары үшін көшпелі іс-шара өткізді, оған Қостанай қ. қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі Сымағұлов Ғұмар Әубәкірұлы қатысты. Өз сөзінде қонақ Қазақстан әскеріндегі қызметтің қалай өтетіні туралы, қандай әскерлер басым болып саналатыны туралы, сондай-ақ жігіттер мен қыздардың әскери білімді қалай алуына болатыны туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылардың назарына шара тақырыбы бойынша дайындалған, Қазақстан Қарулы күштері туралы әдебиеттер, әскер тарихы, әскери жарғылар, әскери техника энциклопедиялары және т. б. қойылған кітап көрмесінің бейнешолуы ұсынылды.