Құжаттарды толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 22 сәуірде Науырзым аудандық кітапханасының қызметкерлері үшін ОКЖ-де кітапхана қорын есепке алу, құжатты техникалық және библиографиялық өңдеу және каталогтарды жүргізу бойынша шеберлік сыныбын өткізді. «РАБИС» бағдарламасында құжаттың библиографиялық жазбасын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Каталогтарды ұйымдастыруға және жүргізуге, каталогтардың сыртқы дизайнына қойылатын талаптар қарастырылды. Каталогтарды жарнамалау бойынша ұсыныстар берілді.