21 сәуірде Әмбебап оқу залы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына арналған «Президент жолдауы – жаңа үміттер, жаңа жоспарлар және жаңа ағымдар» атты өзекті әңгіме өткізді.
Диалог алаңының жұмысына Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Жанділдаұлы Сүйіндіков, «Amanat» партиясының Қостанай облыстық филиалы Жастар қанатының төрағасы Серік Шотбайұлы Манасбаев қатысты, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан қатысады.
Іс-шараға қатысушылар түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңаруға бағытталған Жолдауды талқылап, әрбір міндет пен бағытқа жан-жақты тоқталды.