18 сәуірде Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері ЧелМУ Қостанай филиалында көшпелі іс-шара – «Весна, Любовь и Вдохновение» атты поэтикалық сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты жастардың назарын поэтикалық шығармашылыққа аудару, оларға өлеңнің өлшемі, ырғағы туралы түсінік беру, шығарма жазуға қажетті дағдыларды қалыптастыру болды. Сайысқа Мәскеу орта мектебінің, №16 орта мектебінің және №21 орта мектебінің оқушыларынан құралған төрт команда қатысты. Барлық балалар ойынға құлшына қосылды, қойылған міндеттерді шешуде жаңа әдістер қолданды және әр команда жеңіске жетуге тырысты. Алайда «Дискуссия» командасының (№16 ОМ) балалары бәрінен мықты болып шықты. Екінші орын «Рожденные сочинять» командасына (№21 ОМ) бұйырды. Үшінші орынды «Знатоки литературы» командасы (Мәскеу ОМ) иеленді.
Қатысушылар пайдалы тәжірибе жинап қана қоймай, ойынның өзінен де ләззат алды.