Құрметті оқырмандар! 2018 жылдың қараша айында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала жарияланды. Л. Н.Толстой ат. ҚОӘҒК абонементтер бөлімінің қызметкерлері ҚИнЭУ-де «Көшпенділер мұрасы» атты бейнешолу өткізді.
Мақала елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған идеялардың логикалық және сындарлы жалғасы болып табылады. Оның басты мұраты – тарихтың байланыстырушы тізбегін үзбеу, қазіргі кез бен еліміздің болашағы үшін ұлттық кодты сақтау және нығайту. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің бай тарихымен танысты. Студенттермен кездесу таныстырылым, бейнероликтер көрсетумен және шара аттас кітап көрмесімен сүйемелденді. Сондай-ақ «Менің Қазақстаным» тақырыбына викторина өткізілді, ол қатысушылардың қызығушылығын тудырды және Қазақстан тарихын тереңірек білуге деген ынтасын оятты.