2022 ж. 15 сәуірінде Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін облыстың ОКЖ-нің басшылық мектебі өтті.
Кәсіби кездесуде облыстың мемлекеттік кітапханаларының 2021 жылғы жұмысына талдау жасалды, балалар кітапханаларындағы жоспарлау және есеп беру, ОКЖ-нде кітапхана қорының есебін жүргізу мәселелері және балалар әдебиетін есепке алу ерекшеліктері талқыланды, автоматтандырылған кітапхана жүйесіндегі корпорация ішінде мақалалар жазу жұмысына қатысты мәселелер сөз болды.
Басшылық мектептерінде облыстың жекелеген ОКЖ-нің жұмыс тәжірибесін тыңдау дәстүрге айналды. Бұл жолы Қостанай қалалық және Қамысты аудандық ОКЖ басшылары өздерінің жетістіктері мен сәтсіз болған жобаларын ортаға салды.
ОКЖ-нің басшыларымен кездесуге белгілі ақын және жазушы А. И. Суслова келді, шараға қатысқандарды ол өзінің жаңа кітаптарымен таныстырды.