13 сәуір күні өлкетану әдебиеттері бөлімінде Ғашықтар күніне орай «Көктем келді, мен сені тағы ойладым...» атты әдеби жыр кеші өтті. Аталған кешке студенттер, жас ақындар қатысты. Арқалық қаласынан келген айтыскер ақын Ернұр Әуезхан жүрекжарды өлеңдерін оқыса, Алтынсарин ауданы Мәдениет үйінің қызметкері Серікболсын Әбікен кешті әсем әнмен әрледі. Сондай-ақ, студенттер өздеріне ұнайтын қазақ ақындарының көктемгі нәзік сезімдерінен туған махаббат туралы шығармаларын мәнерлеп оқып берді.