Құрметті
оқырмандар! Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасының халық жазушысы,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, драматург, прозашы, аудармашы Сафуан
Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жүрегі де, жаны да жас жан»
атты кітап көрмесі қойылды.
Дарынды
жазушы Сафуан Шаймерденовтың шығармашылық қызметі жоғары марапаттармен
бағаланды. Оның әйгілі шығармалары ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына
енді.
Көрмеге
автордың «Екі томдық таңдамалы шығармалар», «Таңдамалы шығармалар жинағы»,
«Төрт томдық шығармалар жинағы», «Шығармалары», «Инеш», «Әнім сен едің»,
Хикаяттар, «Перелётные птицы», «Степной сокол» және т.б. шығармалары қойылған.
Ауыл мен қаланың өмірі мен тұрмысы, халықтың студенттік, рухани және әскери
өмірі, адамның адамгершілік тәрбиесі романдардың, повестердің, әңгімелер мен
пьесалардың негізгі тақырыбы болып табылады. «Ағалардың алақаны», «Әдеби
толқындар» шығармалары Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын иеленген. «Дөкей келе
жатыр», «Марғау үні» пьесалары және басқалары республикалық және облыстық
театрлардың сахналарында қойылып келеді. Ол балалар шығармаларының авторы.
Сафуан
Шаймерденов Л. Толстой, Р. Тагор, А. Макаренко, А. Миляж және т. б.
шығармаларын қазақ тіліне аударды. Оның бірқатар шығармалары орыс тіліне
аударылған және жарық көрген.
2022 жылдың
сәуір айы бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз. |