Ағымдағы жылдың 26 қаңтарынан бастап Әмбебап оқу залында ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған «Достығы жарасқан ел – Қазақстан» атты безендірілмелі кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.
Көрмеге қойылған кітаптар Қазақстан халқы мен ТМД елдерінің көп ұлтты мәдениетімен және халық шығармашылығымен таныстырады, ұлттық өзіндік ерекшелігін, әдебиет пен өнердегі халық дәстүрлерін көрсетеді.
Оқырмандар арасында Қазақстан халқы этностарының халық ауыз әдебиетінің алуан түрлері туралы кітаптар өте танымал: Лим Су «Золотые слова корейского народа», «Пословицы и поговорки тюркских народов», Мокиенко В. М. «Большой словарь русских поговорок».
О. Жанайдаровтың«Предания древнего Казахстана» кітабы оқырмандардың ерекше назарын аударады.
Көрме көпшілік оқырманға арналған және туған жерге деген сүйіспеншілікті, оның тарихы мен мәдениетін білуге тәрбиелеуге шақырады.