«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Әмбебап оқу залында «Отбасы – адам мен қоғам өмірінің негізі» кітап көрмесі жұмысын жалғастыруда.
Оқырмандар назарына қызықты кітаптардың, журналдық жарияланымдардың, зерттеулердің, саяси құжаттар мен практикалық нұсқаулықтардың алуан түрі ұсынылған. Көрме қазақстандық, ресейлік және халықаралық ұйымдардың гендерлік теңдікті ілгерілетудегі жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Кітап көрмесі ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жұмыс істейді.