7 сәуірде бірінші қабаттың фойесінде авторлары бір отбасының адамдары болып табылатын Светлана Ивановна және Дмитрий Александрович Шалуновтардың шығармашылық жұмыстарының «Отбасылық мұрағат» атты көрмесінің салтанатты ашылуы болды.
Көрмеге түрлі техникамен орындалған – құрғақ киіз, гуашьпен салынған кескіндеме, линогравюра және т. б. көптеген жұмыстар қойылды. Шара барысында «Встреча друзей» музыкалық клубының жетекшісі Лариса Михайловна Сергазинаның орындауында музыкалық композициялар орындалды. Келген қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шараға белгілі қостанайлық суретшілер Н. Торшин, О. Кусков, сондай-ақ Светлана Ивановна мен Дмитрий Александровичтің әріптестері қатысты.