2022 жылы Әмбебап оқу залында «Жаңа кітаптар вернисажы» ақпараттық жобасы өз жұмысын жалғастыруда, оның аясында пайдаланушыларға кітап көрмелері мен кітапханаға келіп түсетін жаңа кітаптардың бейнешолулары ұсынылады.
Көрмеде білімнің барлық саласы бойынша ұсынылған басылымдар ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері, экономика мен бизнестегі жаңа үрдістер, құқық пен саясаттың заманауи бағыттары туралы кітаптармен және т. б. танысуға мүмкіндік береді. Бұлар – Қазақстан мен таяу шетелдің жетекші баспаларының қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі бірегей басылымдары.
Кітап көрмесі өз жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін жалғастырады.