Өлкетану әдебиеттері бөлімі облыстық Орыс драма театрының ашылғанына 100 жыл толуына орай «Театр – уақыттың ұлы суретшісі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге театрдың пайда болу тарихынан бастап қазіргі заманға дейінгі бірегей әрі қайталанбас әлемі туралы баяндайтын кітаптар қойылған, олар оқырманды театр өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстырады. Көрмеде «Костанайский областной русский драматический театр: история длиною в 90 лет» кітабы ерекше орын алады. Кітапта Орыс драма театрының қалыптасуы мен даму тарихы баяндалады. Кітапты құрастыруда облыстық және театр мұрағаттарының мәліметтері, әр жылдардағы газет басылымдары, актерлердің естеліктері пайдаланылды. Кітап тек өнертану сипатында жазылмаған, ол біздің театрға, оның өткені мен бүгініне, жетістіктері мен табыстарына қызығушылық танытатындарға арналған.
Барлық тілек білдірушілерді көрмемен танысуға шақырамыз.