2022 ж. 16.03. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Наурыз мерекесі қарсаңында «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы» КММ «Игі істер күні» атты көшпелі іс-шара өткізді.
Қолдау орталығының тәрбиеленушілері күн сайын баспана қызметкерлерінің жылы лебіздерін сезінеді. Наурызды тойлаудың «Наурыз шапағаты» атты жаңа тұжырымдамасы аясында олар «Рахмет» және «Өтінемін» деген сиқырлы сөздерді ұмытуға болмайтынына тағы да көз жеткізді.
Балалар іс-шараға мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл күймен келді. Балаларға өздерінің шығармашылық шеберліктерін, әртістік қабілеттерін және ынта-жігерлерін көрсетуге мүмкіндік туды, олар ән шырқады, би биледі, спорттық ойындарға қатысты, пазлдар жинады. Іс-шараны өткізу кезінде мерекенің достық ахуалы орнады, тәрбиеленушілердің оң эмоционалдық көңіл күйі сезіліп тұрды.
Мереке құрметіне балалар сыйлықтар, сондай-ақ байқауларға қатысқаны үшін сыяпаттар алды.
Балалардың тағдырына немқұрайды қарамаңыздар және игі істер қоржынына жеке үлес қосыңыздар. Жақсылық жасауға асығыңыздар!