Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қазақстандық ғалым, тарихшы, саяси ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы кітапханамызда болған кездесуде өзінің құрастырған «Желтоқсан. 1986. Документальная хроника» кітабын сыйға тартты. Жинақ үш бөлімнен тұрады. Кітапта 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты партиялық, мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау орындарында, оқу мекемелерінде қабылданған құжаттар жинақталған.