Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Оқитын отбасы – ақылды отбасы»
04.03.2022

Отбасы – өмір салтын, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастырудың негізі. Егер отбасы кітап оқуға көп көңіл бөлетін болса, олардың дүниетанымы кеңейе түседі. Бірге кітап оқу және оқылған кітап туралы сөйлесу отбасы мүшелерін тек жақындастырып қана қоймайды, сонымен қатар баланың мінезіне, оның адамгершілік қасиеттеріне үлкен әсер етеді. Кітап оқитын бала тез дамиды, өзгелермен оңай тіл табысады, өмірде өз орнын таба алады.

2022 жылдың 03.03. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абонементтер бөлімі «Оқитын отбасы – ақылды отбасы» атты әйелдердің әдеби кешін өткізді. Іс-шараның қонақтары көп жылдар бойы кітапхананың тұрақты оқырмандары болып келген Надежда Владимировна Елисеева және оның қызы Мария Александровна Логинова болды.

Надежда Владимировна кітапқа деген қызығушылықтың қалай пайда болғаны туралы, сүйікті жанрлары, кітап оқуға және кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудегі отбасының рөлі туралы айтып берді. Кітаптың пайдасы және оның мақсатқа жетуге қалай көмектесетіні туралы ой бөлісті. Мария Александровна балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға қандай әдістер әсер етуі мүмкін, кітап арқылы өскелең ұрпаққа, жастарға рухани-адамгершілік қасиеттерді қалай қалыптастыруға болады деген сұрақтарға жауап іздеді. Қонақтарымыз өздерінің алғашқы кітабын есте сақтағанын, оның ең жақсы сыйлық болғанын не болмағанын, олардың өмірді кітапсыз қалай елестететінін және жастарға қандай әдебиеттерді оқуды ұсынатындығын білу қызықты болды.

Қонақтар шараға шақырылғандардың сұрақтарына қуана жауап берді. Педколледж студенттері мен «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары арасында өткізілген іс-шара үлкен толғаныс тудырды. Олар «Оқитын отбасы – ақылды отбасы» атты кітап көрмесін қызығушылықпен тамашалады, кейін бірнеше студент кітапханаға тіркеліп,  үйлеріне кітап алды.

Әйелдердің әдеби кеші жанға жайлы, жүрекке жылы, мейірімге толы және қызықты өтті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus