1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн көп ұлтты ел бірлігінің белгісіне айналды. Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК Америка бұрышында мерекелік күнге арналған поэтикалық сағат өтті.
Іс-шараға шетелдік өкілдер – Фулбрайт ETA тәжірибе алмасу бағдарламасының түлектері Элизабет Олгин және Анежка Бойл, Америка бұрыштың еріктілері қатысты. Поэтикалық жолдар мен алғыс сөздерге толы қызықты, жүрекке жылы, көктемнің шуақты күніндей ашық-жарқын кездесу болды.