28 ақпанда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері А. В. Олексюк және Т. С. Тихомирова ЧелМУ Қостанай филиалының «Грамотный город» ғылыми-зерттеу жобасына қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашылар оқу орнының студенттері мен оқытушыларын қостанайлық авторлардың шығармашылығындағы өлкетану аспектілерімен және 2021 ж. Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК өткен жас әдебиетшілердің «Хранители огня» және «Наследники Пушкина» семинарларының қорытындыларымен таныстырды. Қозғалған мәселелер жиналғандардың қызу қолдауын тудырды. Сондай-ақ пікір алмасу нәтижесінде өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.