Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өз даламның перзенті болдым»
01.03.2022

Құрметті оқырмандар! Ғабит Мүсірепов жемісті еңбек еткен жазушылардың қатарына жатады. Ғабит Махмұтұлы жазушы ретінде қалыптасуының күрделі жағдайларына қарамастан, өз халқына адал болып қалды, оның сөзінің сұлулығын, даналығын, ұлттық мінезінің жан-жақтылығын бағалай және оған таңдана білді. Бұл оның өмірі мен шығармашылығында көрініс тапты.

Абонементтер бөлімінде Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Өз даламның перзенті болдым» атты кітап көрмесі безендірілді. Онда ұлы жазушының шығармашылығын ашатын Ә. Қайырбековтың «Тұлғалар тағылымы», Әбіш Кекілбайұлының «Мерей сөз», М. Сәрсекенің «Мен білетін ер Ғабең» басылымдары қойылған.

Сондай-ақ оның «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Рассказы разных лет» секілді және т. б. белгілі шығармаларымен таныса аласыздар.

Барлығыңызды көрмені көруге шақырамыз!

 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus