Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Парасаттылық идеясы»
01.03.2022

2022 жылдың 24.02. Абонементтер бөлімі «Парасат жолы» жобасы аясында «Парасаттылық идеясы»  атты сұхбат-әңгіме өткізді. Біз парасаттылық, адалдық және әділдік идеологиясын, сондай-ақ мәдениет, әдебиет және руханият негіздерін ілгерілетуді жалғастырамыз.

          Тікелей эфирдің қонағы Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Әмірханов Шоқан Ғазизұлы болды. Әңгіме барысында ол парасаттылықтың қандай болуы керектігі жайында ой бөлісіп, өзара сыйластық, өзара көмек, қолдау және сенім секілді қасиеттерді тәрбиелеудегі отбасының рөлі жайында әңгімеледі. Діннің адамдардың түзу жолға түсіп, адал және әділ адамдар қатарына өтуіне көмектесе алатыны туралы айтып берді. Кітап арқылы, ғалымдардың, философтардың, жазушылардың еңбектері арқылы өскелең ұрпаққа жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға және оларды адалдық пен әділдік жолына бағыттауға болатынына сенетінін жеткізді.  Шоқан Ғазизұлы жастарды білім алуға, еңбек етуге, дамуға, үлкендерді құрметтеуге және рухани даму үшін кітап оқуға шақырды.

https://www.youtube.com/watch?v=VKAl5vjcOSI
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus