Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Достығы жарасқан ел – Қазақстан»
25.02.2022
24 ақпанда ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы аясында Әмбебап оқу залында «Достығы жарасқан ел – Қазақстан» атты безендірілмелі кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрменің негізгі мақсаты Қазақстанның көп ұлтты халқы туралы, елдің бірлігі мен қоғамның тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығы жайындағы әдебиеттерді ұсыну, Қазақстан мен ТМД елдері этностарының мәдениеті мен халық шығармашылығы туралы материалдармен таныстыру, қазақстандық отаншылдықты, туған жерге және   төл тарихқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды.

Іс-шарада өткеннің мәдени мұрасын барлық халықтың ғасырлар бойы қастерлеп сақтайтыны және мәдени-адамгершілік талаптар мен қағидаттардың бұрынғыша тарихи байланыстарды сақтауда және біздің халықтарымызды жақындастыруда маңызды рөл атқарып келе жатқаны атап өтілді.

Көрмеге қойылған кітаптар Қазақстанның көп ұлтты халқының бірлігі мен келісімін, біздің еліміз бен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы этностарының ұлттық және әдеби шығармашылығының байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. 

Көрменің ашылуында А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ профессоры  Дмитрий Легкий, ҚР Білім беру ісінің үздігі Светлана Петрова сөз сөйлеп, мәдени мекемелердің әншілері мен облыстың ЭМО өкілдері өнер көрсетті.

Кітап көрмесінің ашылуына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалының қызметкерлері мен тыңдаушылары, қала жұртшылығы, колледж студенттері қатысты. 
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus