22 ақпан күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Дружба» оңалту орталығында актриса Любовь Орлованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Көрерменнің көңілінен шыққан «Көктем» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында Орлованың тағдырының жеңіл болмағаны туралы айтылды. Оның талантының әртүрлілігі сөзбен ғана емес, сонымен бірге арнайы дайындалған «Любовь Орлова – эталон советской женщины в кино» фильмімен, актриса ойнаған фильмдерден алынған музыкалық эпизодтармен де дәлелденді. Қатысушылардың назарына «Неизвестная Любовь Орлова. 100 анекдотов про звезду, ее мужа и Сергея Эйзенштейна», А. В. Романовтың «Любовь Орлова в искусстве и в жизни» кітабы және басқа кітаптар ұсынылды.